22 Қырқ 2025
Материал Кулыншак

Директор блогы

Хайрушева Гаухар Дижановна

Жалпы еңбек өтілі 25 жыл
Педагогикалық еңбек өтілі 25 жыл

Хайрушева Гаухар Дижановна 1975 жылы 2 тамызда Атырау қаласында дүниеге келді. 1993 жылы Махамбет ауданындағы орта мектебін аяқтап, Атырау қаласындағы Х. Досмухамедов атындағы университеттің «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» бөліміне түсіп, 1997 жылы «Мектепке дейінгі педагогика және психология пәнінің оқытушысы, тәрбиеші» мамандығын алып шықты. 2000 - 2001 жылдары Атырау қаласындағы М.Ломоносов атындағы мектепте этика және эстетика мұғалімі болып еңбек жолын бастады. 2001- 2011 жылдары өз мамандығы бойынша АҚ «Атыраубалық» комбинатына қарасты «Шамшырақ» балабақшасына орналасып балалармен жұмысын бастады. 2011 – 2014 жылдары «Шамшырақ» балабақшасының жабылуына байланысты жұмысын Атырау қалалық білім бөліміне қарасты №10 «Құлыншақ» балабақшасында жалғастырды. 2014 – 2016 жылдары №4 «Бәйтерек» және №13 «Балапан» балабақшаларында әдіскер қызметін атқарды. 2016 -2025 жылдар арасында №10 «Құлыншақ» бөбекжай – бақшасына тәрбиеші болып орналасып қызметін жалғастырды. 2025 жылдың маусым айынан бастап №10 «Құлыншақ» бөбекжай – басшасының меңгерушісі болып тағайындалды. 
Бүгінгі күні мектепке кейінгі тәрбие мен білім – баланың тұлға болып қалыптасуының ен алғашқы әрі маңызды баспалдағы. Біз тәрбиені тек үйде ғана емес, балабақшада да жалғасын табатынын жақсы түсінеміз. 
Толағай жетістіктерге жету басшының талап қойғыштығы мен ұйымдастыру қабілетінің жоғарылығының нәтижесінде ғана келетіндігін айтуға болады.
Гаухар Дижановна Облыстық білім беру департаментінің «Алғыс хатымен», Қалалық білім бөлімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.