31 Қаз 2020
Материал Кулыншак

Біз туралы

Атырау қаласы №10 «Құлыншақ» балабақшасы туралы мәлімет

 

Атырау қалалық білім бөлімінің 2009 жылдың шілде айының 15-де №440 бұйрығы негізінде №10 «Құлыншақ» балабақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын болып құрылған. Сол жылдың құрылыс жұмыстарының аяқталмауына байланысты Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Болат Асылұлы Даулетовтің қатысуымен 2009 жылдың 7 қазаны күні 160 орындық 7 топқа арналған №10 «Құлыншақ» балабақшасы іске қосылған.

 

Атырау қалалық білім бөлімінің 2009 жылдың қаңтар айының 13-дегі №8 бұйрығы негізінде  №10 «Құлыншақ» балабақшасының директоры болып Сара Самиголлаевна Мерекесова  2010 жылдың 24 қарашасына дейін директорлық қызмет атқарды.

 

Қалалық білім бөлімінің 2010 жылдың 24 қарашасындағы №254 бұйрығы негізінде №10 «Құлыншақ» балабақшасының директоры болып Алмажай Базаргалиевна Арыстанбаева тағайындалған.

 

Атырау қалалық білім бөлімінің 2011 жылдың шілде айының 11-індегі №430 бұйрығы негізінде 120 орындық 5 топтық жапсаржай іске қосылған.

 

Директор А.Б.Арыстанбаева 2013 жылдың 1 наурызына дейін директорлық міндетін атқарған.

 

Атырау  қалалық білім бөлімінің 2013 жылдың 30 сәуіріндегі №104 бұйрығы негізінде Алия Халеловна Бахтиярова №10 «Құлыншақ» балабақшасының директоры болып тағайындалды.А.Х.Бахтиярова 2015 жылдың 1 маусымына дейін директорлық міндетін  атқарды.

 

№10 «Құлыншақ» балабақшасының қазіргі директоры Роза Узаккалиевна Багитова 2015 жылдың 21 маусымынан бастап директор болып тағайындалды.

 

№10 «Құлыншақ» балабақшасы екі қабатты ғимарат. Балықшы Б.Аманшина 5 үйінде орналасқан.

 

Балабақшада 12 топ мемлекеттік тілде қызмет етеді.

 

Балабақша 280 орындық

 

Балабақшаның жалпы алаңы 2856,26 шаршы метр.

 

Балабақшада мұрағат сақтайтын арнайы бөлме бар.

 

 

 

Атауы: Атырау облысы Білім басқармасының Атырау қаласының білім бөлімі № 10 "ҚҰЛЫНШАҚ" балабақшасы КМҚК
Тәрбие беру тілі: Қазақ
Түрі: Мемлекеттік
Негізгі құны, айына: 1.алдын ала төлем ақы алынбайды. 2. 3 жасқа дейін күніне 400 теңге. 3. 3 жастан 6 ( 7) жасқа дейін күніне 500 теңге.
Жұмыс тәртібі: бескүндік жұмыс аптасы, 08:00-18:30
Кезекші топ: жоқ
Қосымша жабдықтау: бейнебақылау (қауіпсіздік бойынша)
Телефон: +7(7122)24-15-57,Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Web-сайт: http://kulynshak10.goroo-atyrau.kz/
Мекен-жай: Атырау қаласы, Б.Аманшин көшесі, 5 үй

ТАӘ: Роза Узаккалиевна Багитова
Лауазымы Директор
Жасы: 51 жас
Санаты: I
Мектепке дейінгі тәрбие бойынша жалпы еңбек өтілі: 27 жас
Басшының жалпы еңбек өтілі:  30 жас

Мектепке дейінгі ұйымның жобалық қуаттылығы: 280 адам

Мектепке дейінгі ұйымның нақты жүктемесі: 329 адам

Балалар топтардың саны: 12


2-3
Топ Тәрбие беру тілі Балалар саны Бос орындар Тип группы
Күншуақ Қазақ 25 0 Қарапайым
Балапан Қазақ 25 0 Қарапайым
Балдырған Қазақ 25 0 Қарапайым

3-4
Топ Тәрбие беру тілі Балалар саны Бос орындар Тип группы
Гүлдер Қазақ 32 0 Қарапайым
Қызғалдақ Қазақ 30 0 Қарапайым
Аққоян Қазақ 25 0 Қарапайым

4-5
Топ Тәрбие беру тілі Балалар саны Бос орындар Тип группы
Бәйтерек Қазақ 30 0 Қарапайым
Балбөбек Қазақ 32 0 Қарапайым
Айгөлек Қазақ 30 0 Қарапайым
Ақбота Қазақ 36 0 Қарапайым

5-6
Топ Тәрбие беру тілі Балалар саны Бос орындар Тип группы
Қошақаным Қазақ 18 0 Қарапайым
Өркен Қазақ 21 0 Қарапайым